
Магистратураға түсуге арналған мотивациялық хат: неліктен оны бір кеште жазуға болмайды?
Мазмұны
Шетелдік жоғары оқу орнына тапсыратын құжаттар топтамасында тек жинақтауды қажет ететін құжаттар бар: диплом, транскрипт, тіл меңгеру деңгейін растайтын сертификат. Алайда олардың арасында ерекше ізденіс пен дайындықты талап ететін бір құжат бар. Көпшілік мотивациялық хат жазуды соңғы сәтке қалдырып, кейін GPA көрсеткіші жоғары болғанына қарамастан, оқуға қабылданбағанына таңғалады.
Қабылдау комиссиясы шын мәнінде неге мән береді?
Бағаларыңыз бен дипломыңыз осы уақытқа дейін қандай жетістіктерге жеткеніңізді көрсетеді. Ал мотивациялық хат қандай мақсат көздейтініңізді және неліктен дәл осы білім беру бағдарламасын таңдағаныңызды түсіндіруі керек. Қабылдау комиссиясы жүздеген хатты оқиды, сондықтан нақты жоспары бар үміткерді шетелге кетуді ғана көздейтін адамнан оңай ажырата алады.
Жақсы жазылған мотивациялық хат әдетте төрт сұраққа жауап береді:
- Бұл тақырыпқа қызығушылығыңыз қалай пайда болды – нақты оқиға, жұмыстағы міндет немесе көптен бері ойыңыздан кетпей жүрген сұрақ.
- Осы бағытта қандай жұмыстар атқарып үлгердіңіз?
- Бұл білім беру бағдарламасы біліміңіздегі қандай олқылықтардың орнын толтыруға көмектеседі?
- Оқуды аяқтағаннан кейін немен айналысуды жоспарлап отырсыз?
Жиі кездесетін қателіктер
Ең жиі кездесетін қателік – түйіндеменің мазмұнын қайталап жазу. Комиссия сіздің CV құжатыңызбен онсыз да танысады, сондықтан атқарған қызметтеріңіздің шығарма түрінде баяндалған тізімі қажет емес. Екінші қателік – «бала кезімнен армандадым» немесе «сіздің университетіңіз әлемдегі ең үздік оқу орындарының бірі» деген сияқты жалпылама сөздерді қолдану. Үшіншісі – университеттің атауын ғана өзгертіп, барлық оқу орнына бірдей хат жіберу. Мұндай тәсіл бірден байқалады: мәтінде дәл осы оқу орнын таңдауыңызға себеп болған бірде-бір курс, оқытушы немесе ғылыми зерттеу туралы айтылмайды.
Тағы бір қателік – басқа адамның сәтті жазылған хатын тауып, оны өзіңізге бейімдеу немесе мәтін жазуды толығымен нейрожеліге тапсыру. Нәтижесінде сауатты жазылғанымен, автордың өзіндік ерекшелігі сезілмейтін хат шығады. Тәжірибелі оқырман мұны бірден байқайды.
Mentor Me-де мотивациялық хатпен қалай жұмыс істейді?
Mentor Me-де жұмыс қағидасы қарапайым: талапкер хатты өзі жазады, ал ментор оны талдап, ұсыныстар береді. Менторлар – шетелдік жоғары оқу орындары мен стипендиялық бағдарламалардың іріктеу кезеңдерінен өздері өткен түлектер. Олар ойдың қай тұста толық ашылмағанын, қандай жерде нақтылық жетіспейтінін және мәтіннің қай бөліктерін алып тастаған дұрыс екенін көрсетеді.
Түйіндеме мен ұсыным хаттарын дайындау кезінде де осы тәсіл қолданылады. Әрине, бұл үдеріс мәтінді басқа адамға жаздырғаннан гөрі көбірек уақыт алады. Есесіне, қолыңызда өз ойыңыз бен көзқарасыңызды шынайы жеткізетін хат болады және сұхбат барысында оның мазмұнына қатысты кез келген сұраққа сенімді жауап бере аласыз.
Бірнеше практикалық кеңес
- Құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзіміне екі-үш ай қалғанда хат жазуды бастаңыз. Сапалы мотивациялық хат бірнеше нұсқаны әзірлеу және өңдеу арқылы жазылады.
- Жазуға кіріспес бұрын білім беру бағдарламасын мұқият зерттеңіз: оқу курстарымен, оқытушылармен және ғылыми-зерттеу орталықтарымен танысыңыз.
- Қарапайым әрі түсінікті тілмен жазыңыз. Қысқа сөйлемдер күрделі тілдік оралымдарға қарағанда жеңіл оқылады.
- Дайын мәтінді бір-екі күнге қоя тұрыңыз, содан кейін дауыстап қайта оқып шығыңыз.
Егер құжаттарды дайындауға енді кірісіп жатсаңыз, https://mentorme.kz/kk сайтында тегін кеңес алуға жазылып, дайындықты неден бастау керектігін анықтай аласыз.
